Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шекті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесінде Honda Fit пен Mercedes-Benz соғылып, 4 адам зардап шекті, деп жазады auto.lafa.kz.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Хонда көлігі алдындағы көліктерді басып озамын деп, қарама-қарсы бағытпен келе жатып, Мерседесті соғып кеткен.

Неміс көлігі соққыдан жол шетіне ұшып кетіп, бетон бағанаға соғылған.

Қауіпсіздік жастығының ашылғанына қарамастан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол көлік оқиғасының мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.

Соңғы жаңалықтар