Алматыда жол апатынан 2 адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Солтүстік айналма жолда жол апаты болып, екі адам көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хундай Клик» және «Лада 21905-11» жеңіл көліктері «Ақбұлақ» базарының маңында соқтығысқан. Салдарынан Лада көлігі аударылып кеткен.

«Lada 21905-11» маркалы көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Хундай Клик» көлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті. Ал қалған үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жиналған материалдар негізінде, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар