Алматыда жол апатынан 11 көлік пен 3 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда болған ірі жол апатынан 11 көлік пен 3 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

Оның айтуынша, оқиға Рысқұлов пен Күдерин көшелерінің қиылысында орын алған.

Hyundai маркалі тұрмыстық қалдық тасушы жүк көлігі жолындағы ондаған көлікті сүріп кеткен. Жүргізушінің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші жұмыс істемей қалған көрінеді.

Жол апатынан зардап шеккен Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен оның әйелі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам медициналық көмек алған соң үйіне жіберілді.

Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар