Алматыда жол апаты кезінде жолаушы мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан жүргізуші аман қалып, салондағы жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Шевченко Жароков көшелерінің қиылысында болған.

Куә болғандардың айтуынша, Шевченко көшесімен батысқа бағыт алған Шкода Рапид көлігі бордюрге соғылып барып, талдарды жапырып өткен. Сондай-ақ, машина көшеге жарық беретін шам бағанына соғылып тоқтаған.

Соңынан көліктің мотор бөлігі тұтана бастаған. Көлік маңайына жиналғандар өртті ушықтырмай сөндіріп үлгерді.
null 

Қатты соққыдан салондағы жолаушы сол жерде көз жұмды. Ал, жүргізуші жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер оны үйіне жіберді.
null null

Соңғы жаңалықтар