Алматыда жол апаты: 23 жастағы жігіттің ортан жілігі сынып кеткен

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер кеше Вокзальная көшесінде болған жол апатынан жапа шеккен автобус жолаушыларының жағдайы туралы айтып берді.

№4 қалалық аурухананың полижарақат  бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Түсіповтің айтуынша, ауруханаға оқиға орнынан 5 адам жеткізілді.

«Кеше ауруханаға жол апатынан 5 науқас жеткізілді. Оның ішінде 3 адам ауруханаға жатқызылды. 2 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. 2 науқас біздің бөлімшеде ем қабылдап жатыр. 1 жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. 23 жастағы жігіттің ортан жілігі сынып кеткен, миы шайқалған, ортан жілігі шығып кеткен. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазір сынған асық жілігі мен шыбығына (садақ сүйек) шунтты фиксация салынды. Жағдайы орташа. Есін біледі. Ол науқастың жағдайының ауырлығы ортан жілігінің сынуы емес, қан тамырлары, нервтер зақымдалған. Сондықтан оған жан сақтау бөлімінде бақылау жүргізіп жатырмыз. Аяғы жұмыс істейтініне көз жеткізу керек. Жас жігіттің жазылып кетуіне 1 жыл уақыт кетуі мүмкін», - деді Дәурен Түсіпов.

Айта кету керек, жол апаты кеше Вокзальная көшесінде болған еді.

Оңтүстік бағытта қозғалған 104 маршрут автобусы ВАЗ көлігіне бетпе-бет соғылған.

Жол апатынан автобустың 4 жолаушысы жараланды. Оларды жедел жəрдем ауруханаға алып кетті.

Ал автобус жүргізушісі сол жерде жантəсілім етті.

Соңғы жаңалықтар