Алматыда жол апаттары 30 пайызға төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаттарының саны 30 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 2 мың 930 жол апаты болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,1%-ға аз.

«Осы апаттардың салдарынан 76 адам қайтыс болған, бұдан басқа 3 мың 427 адам жарақат алған. Барлығы 235 мың 313 жол ережесін бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 24 мың 040-ы жүргізуші. 1 мың 525 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Сот 1 мың 923 адамды көлік басқару құқығынан айырды. 1 мың 38 автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежегіші және алдын алу факторларының бірі – «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Оның көмегімен 1 миллион 270 мың 361 құқық бұзушылық тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Алматыда жалпы 542 мың 744 бірлік автокөлік құралы тіркелген.


Соңғы жаңалықтар