Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікке 27 жастағы Т.есімді әйел ілікті.

Ол жауапкершіліктен жалтару үшін полиция қызметкерлері ұрды, соның салдарынан түсік тастадым деп өтірік айтты.

«Анықталғандай, Т.есімді азаматша өткен жылдың желтоқсан айында «Крыша» ресурсының сайтында өзінде жоқ пәтерді жалға беру туралы хабарландыру орналастырды. Бұл жалған жарнамаға 26 жастағы С.есімді азамат сеніп қалған. Күдікті өзін «Марина» есімді риэлтормын деп таныстырған Т.есімді азаматшаның талабы бойынша банк картасына 80 мың теңге алдын ала төлем аударған.

Қаражатты алғаннан кейін Т.есімді азаматша телефон нөмірін өшіріп, «клиентпен» байланысқа шығуын тоқтатты», - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция өкілінің айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында банк картасының иесі Ч.есімді азамат екендігі анықталды, оның айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бері оның танысы - Т.есімді азаматша банк картасын қолданып жүр.

«ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

«Сонымен қатар, Т.есімді азаматшаның жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде қоғамдық пікірді бұрмалау әрекетіне ерекше назар аударамын. Әлеуметтік желіде әйел өзінің бейнежазбасын жариялады, онда ол, біздің бөлімшенің қабырғасында өзін соққыға жыққанын, соның салдарынан түсік тастағанын айтты. Негізі бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат.

Кейіннен Т.есімді күдікті өтірік айтқанын мойындап, халықтан кешірім сұрады», - деп түйіндеді Думан Аухадиев.


Соңғы жаңалықтар