+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды

2021 жылғы 2 қазан 20:11
Бөлісіңіз:
Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген павлодарлық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл көшесінде жалаңаш жүрген ер адам сотталды Алматыда фирма кеңсесінен ақша салынған сейф ұрланды ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген

Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың мәліметінше, алаяқ 1989 жылы туған, Павлодар облысының тумасы С.есімді азаматша болып шықты.

«Ол бұрын ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтық үшін сотталған. Ұсталған адам танымал сайтты пайдаланып, пәтер жалдау туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Жалдау бағасын төмен қылып көрсетіп, басқа жарнамалардан алған пәтерлердің суреттерін орналастырады. Клиенттермен телефон арқылы келіссөздер жүргізіп, оларды өзіне сендіріп, алдын ала төлемді теңгерімге аударуды ұсынады. Жәбірленушілер ақшаны аударған соң, алаяқ дереу жарнаманы алып тастап, ұялы телефонды өшіріп тастаған, – деді ол.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықталды. Азаматшаның бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT