USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда жоғары жылдамдықпен көлік жүргізгендер жауапқа тартылды

2021 жылғы 28 қазан 03:24
Бөлісіңіз:
Алматыда жоғары жылдамдықпен көлік жүргізгендер жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарында жоғары жылдамдықпен көлік жүргізген құқық бұзушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жолдың тайғақтығынан жүк көлігі аударылып қалды Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды ШҚО-да жыл басынан бері 160 көлік өртенді

Жүргізушілердің жолдағы қауіпті жүргізу сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ол құқық бұзушының бірінің бейнетіркеуішіне тіркелген.

Қазір көлік жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды.

«Тез арада Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тергеу жүргізу тапсырылды. Екі құқық бұзушы да анықталды. Бұл - 18 жастағы Э.Нағиев және 19 жастағы Р.Қалжан есімді азаматтар. Екі жүргізушіге қатысты барлығы 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 114 айлық есептік көрсеткішті құрап, жалпы сомасы 335 455 теңгені құрады. Олардың әрқайсысы міндетті түрде жауап беріп, жауапқа тартылатыны сөзсіз», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Атап айтқанда, оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу) – 15 әкімшілік хаттама. ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін белгілеуде көзделген талаптарды сақтамау) – 3 әкімшілік хаттама. ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысына қатысушының апаттық жағдай туғызуға әкеп соқтырған жол жүру ережесін бұзуы) – 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT