Алматыда жоғары шенді экс-полиция қызметкері «жезөкшелер» ордасын ұйымдастырды деп айыпталуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Бегасылов «жезөкшелер» ордасын ұйымдастырды деп айыпталуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз маманы Қуандық Ешмет хабарлады.

Қуандық Ешметтің айтуынша, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Бегасылов жезөкшелікпен айналысатын 8 адамнан тұратын қылмыстық топ құруға атсалысқаны үшін айыпталып жатыр. Жедел іздестіру жұмыстары барысында ол жақында ғана шартты түрде босап шыққан Ольга Хамбулатова (Мама Роза) есімді азаматшамен бірігіп, жыныстық қызмет көрсететін орда ашқандығы анықталды. Оларды қорғағаны үшін экс-полиция өкілі 4 мың АҚШ долларын алған.

«Жедел шаралар басталған кезде Бегасылов «Мама Розаны» алдын ала құлақтандырып қойған. Олар пәтерді өзгертіп үлгерген. Сонда да қылмыстық топ мүшелері Ақылбек, Темірханова, Салықбаева, Ларин, Моисеев, Челюк ұсталды. Қазір оларға ҚР ҚК 232 бабының 3 тармағы, 28 бабының 5 тармағы, 231 бабының 3 тармағы, 37 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың айыбы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», - деді Қуандық Ешмет.

Аталған қылмыстық іс арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында қаралуда. Келесі отырыс сәуірдің 29-ында өтеді. Істі судья Ерлан Болатов қарауда.

Соңғы жаңалықтар