Алматыда жоғалып кеткен жігіт есінен айырылып қалған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт Ақтөбе қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жігіттің әпкесі Баян Сейітованың айтуынша, Темірхан есінен айырылып қалған. Темірхан Иман-Зұлпар өзінің Ақтөбеге қалай келгенінен мүлде бейхабар.

Жігіттің жақындары баланың Ақтөбеде не істеп жүргеніне аң-таң. Отбасының Ақтөбеде ешқандай туыстары немесе таныстары жоқ.

«Ақтөбеге қалай келгенін білмейді. Бірақ әйтеуір анамыздың телефоны есінде екен. Соған қоңырау шалыпты. «Мама, мен жұмысқа бара жатыр едім ғой» депті. Есінде мүлде ештеңе жоқ», - деді Баян Сейітова.

Қазір Темірхан Ақтөбе қаласындағы ІІД полиция бөлімшесінде отыр. Ата-анасы оны алып кетуге жолға шықты.

Жігіттің туғандары бұл оқиғаға байланысты полицияға арызданбақ.

Айта кету керек, 23 жастағы Темірхан Иман-Зұлпар Айтуғанұлы 6 ақпанда үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған еді. 

Соңғы жаңалықтар