Алматыда жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисті аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған бойжеткен табылды.

«Белгілі болғанындай, ару осыдан бір күн бұрын ешкімді ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен», - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, оның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кеше кешкісін Алатау аудандық полиция басқармасына жоғалып кеткен қыздың құрбысынан арыз түсті.

Айта кетейік, Гүлнұр Нұртаза «Қызылорда аруы-2017» байқауының жеңімпазы.

Қазіргі уақытта Алматыда жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар