Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен студент Айтолқын Ержанды Алматы іргесіндегі «Береке» ауылынан тапты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

17 жастағы Айтолқын мен 18 жастағы жігіт осы уақытқа дейін жеке үйді жалдап тұрған.

Бойжеткен үйінен өз еркімен кеткенін, оны барлығы іздеп жатқанын білгендігін жеткізді. Ешкімнің тапқанын қаламаған Айтолқын телефонын әдейі өшіріп тастаған.

«Айтолқын 2 ақпан күні оқу орнынан шығып кеткен, содан бері ешкім көрмеді. Медеу аудандық полицияға анасы Рита хабарласқан. Кәмелетке толмаған жас бала жоғалған соң іздестіру ісі бірден қолға алынды. Құрамына тәжірибелі криминиалистер кірген арнайы жедел топ құрылды. Қыздың айналасындағы құрбыларынан, туыстарынан сұрақ-жауап алынды. Анасы ол Мұрат Наурызбек деген жігітпен кездесуге кетуі мүмкін екендігін айтқан еді. Бұл кездесуге анасы рұқсат бермеген көрінеді», - деді Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ерлан Оралбеков.

Туғандары Айтолқын Ержанның жоғалғаны туралы әлеуметтік желілерде хабарлаған.

Ол базар ауданында жұмыс істейтін 1996 жылы туған Мұрат Наурызбековпен «Другвокруг» әлеуметтік желісі арқылы танысқан көрінеді.

Қазір Айтолқын аман-сау ата-анасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар