Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар Месут Мырзақұлов табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, бала дін аман.

«Қазір оны ата-анасына табыстап жатырмыз. Іздеуге атсалысқан азаматтарға көп рахмет», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Алматы полициясы 9 жастағы Месут Мырзақұлов 1 қыркүйекте түскі 13:00-де үйінен шығып содан оралмағанын хабарлаған болатын.

Оқушы әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны анықталды. Бейнебақылау камералары баланың Ш.Қалдаяқов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқанын көрсетті. Оның үйі жеке секторда, тауға жақын, Кеңсай зиратының артында орналасқан.

Оны іздестіруге 250 адам жұмылдырылды. Ұлттық ұланның 100 жауынгері, жедел әрекет ету бөлімінің 20 қызметкері, ювеналды полицияның 50 инспекторы және аудандық деңгейдегі учаскелік полиция инспекторы, қалалық криминалдық полицияның 40 жедел уәкілі, Месут оқитын мектептен 20 ерікті және 5 мұғалім тартылған еді.


Соңғы жаңалықтар