Алматыда жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жеті жасар бала 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданы, Сүлейменов №1 мекенжайында өзі тұратын ауладан жоғалып кеткен.

Жоғалған баланы іздеуге полиция мен волонтерлар жұмылдырылды. Бала табылды.

«Баланы ювеналды полиция қызметкерлері тапты. Ойынға беріліп кеткен ол досының үйінде қонуға қалған. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды»,- деп хабарлады полициядан.



Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Соңғы жаңалықтар