Алматыда жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жоғалып кеткен 3 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, кеше кешкі сағат 19:00 шамасында полицияға 3 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

«Әйел адам киім дүкенінде жұмыс істейді. Сол күні оның үш жасар баласы жанында болған. Оның айтуынша, бала дүкеннің қасында ойнап жүрген. Ол клиенттерге қызмет көрсетіп жатқан кезде, бала жоғалып кеткен. Дабылды Медеу ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы ғана емес, сонымен қатар, ұл бала жоғалып кеткен жерге шекаралас жатқан біздің адамдар да көтерді. Ол Арбат бойындағы субұрқақтың жанынан табылды. Бала ойынға беріліп кетіп, анасынан қалай алыстағанын байқамағаны белгілі болды. Бақытымызға орай, оның жағдайы жақсы. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы ата-анасына тапсырды», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы азаматтардан кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар