Алматыда жоғалып кеткен 2 турист таудан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері тауда адасып кеткен екі туристі құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 жастағы жігіт пен 15 жастағы жасөспірім Бутаков шатқалы арқылы жоғары шығып, қайтар жолдан адасып қалған.

Кешкі 20:00 шамасында туристердің бірі жедел құтқару жасағының кезекшілігіне хабарласқан.

Құтқарушылар жасағы көп ұзамай оқиға орнына аттанды.

nullНәтижесінде 2 сағат ішінде адасқан жастар табылып, қалаға дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, құтқарушылар Шымбұлақ курортынан шығып адасып кеткен қыз бен жігітті тауып алып, қалаға жеткізді.

ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

 null 

Соңғы жаңалықтар