Алматыда жоғалып кеткен 10 жастағы қыз табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жоғалып кеткен 3 сынып оқушысы табылғанын хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, қыз үйіне өзі оралған. Баламен психологтар мен Түрксіб аудандық жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторлары сұхбаттасты. Оның қайда болғаны әзірге белгісіз.

Айта кету керек, бүгін Алматыда 3 сынып оқушысы Анна Иванова жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қыздың жоғалуына байланысты еріктілер №89 мектептің спорт залында іздестіру тобын құрған болатын.

Сонымен қатар, полиция департаментінде осы бағытта тергеу-іздестіру тобы құрылған еді.

Соңғы жаңалықтар