Алматыда жоғалған студентке іздеу жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті жоғалды. Оқу орнының инстаграмдағы ресми парақшасында 23 жастағы студент Санжарбек Арзиевке іздеу жарияланған.

Соңғы рет таныстары оны 29- сəуірден 30 сəуірге қараған түні Құрманғазы-Шагабутдинов көшелерінің қиылысында көрген. Əлеуметтік желіде оның түр келбеті суреттелген.

«Бойы 175-178 см, орта денелі, салмағы 75-78 келі. Жас жігіт қара кеудеше, қара куртка киген»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда студентті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар