Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалған 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 20-шы ақпаны күні жоғалды деп жарияланған Күнту Шерхан қазір –ата-анасының жанында.

«Абырой болғанда бала дін аман, түнде ата-анасына тапсырылды. Полиция оны қаланың төменгі бөлігінен тапты. Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы атынан іздеу жұмыстарына атсалысқаны және бірлескен әрекеттері үшін волонтерларға алғыс айтады. Күнту Шерханды іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам қатысты. Олардың ішінде полиция қызметкерлерінен басқа мектеп ұстаздары мен волонтерлар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Оның неліктен үйінен кетіп қалу себебі әлі нақтыланып жатыр»,-деді Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ләйлә Әліпбаева.

Осыған дейін Алматыда 8 сынып оқушысының 20 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы хабарланған болатын.


Еламан Тұрысбеков
Соңғы жаңалықтар