Алматыда жоғалған баланың денесі кәріз шұңқырынан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар бүлдіршін Әрсен Көмектің денесі бес күннен соң лас су төгілетін шұңқырдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті. Оның айтуынша, бала қалдықты су толы шұңқырға құлап кетіп, тұншығып өлген.

«Баланың денесі үйінен аса алыс емес жерден - Шаңырақ ықшам ауданындағы жер үйлердің арасынан кәріз суы жиналатын шұңқырдан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін тереңдігі 1,5-2 метр болатын шұңқырға абайсызда құлап кеткен. Бала тұншығып өлген. Ол үлкендердің қарауынсыз қалған», - деді Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, 2014 жылы туған Әрсен Көмеков 17 мамыр күні Алатау ауданы Шаңырақ ықшам ауданында жоғалған болатын.

Баланың туыстары өздері іздеп таба алмаған соң, түнгі сағат 10-ның шамасында полицияға хабарлаған.

Фото: prokommunikacii.ru

Соңғы жаңалықтар