Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда жоғалған 15 жастағы жасөспірім өлі табылды

2022 жылғы 24 маусым 14:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына 2007 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусым күні түскен.

«Тергеу тобы бүгін қаладағы бау-бақша қоғамының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың өлі денесін тапты», - деп хабарлады полициядан.

Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікті арадағы жанжалдан кейін досын өлтіргенін мойындады.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар