Алматыда жоғалған 11 жасар жетім бала табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы Артур Федоров аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланы құқық қорғау органдары 5 күн бойы іздестірген болатын.

«Бала дін аман. »Жанұя« балалар үйіне тапсырылады. Оны іздестіруге 200 жуық адам атсалысты»,- деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.

Мұның алдында 11 жасар жетім бала Артур Федоров тәтесінің үйінен 17 қарашада шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар