+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматыда жиһаз цехының 1 мың шаршы метрден астам аумағы жанып кетті

2019 жылғы 17 қыркүйек 14:10
Бөлісіңіз:
Алматыда жиһаз цехының 1 мың шаршы метрден астам аумағы жанып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жиһаз жасайтын цехта тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан шеберханадағы өрт 13:36-да сөндірілді. Оқиға орнына 20 техника, 60 өрт сөндіруші, 4 су көлігі, 20 полиция қызметкері жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Полиция өртеніп жатқан аумақты қоршауға алды. Алдын ала бағалау бойынша, тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда жиһаз цехынан өрт шыққаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT