Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер тізім жасап, қыздарды кезек бойынша сауна мен қонақүйлерге апарып отырған.

Осылайша, әр клиенттен пайыздық үлесін алған. Қылмыстық бизнеске қатысқандардың бәрі ұсталып, жауап алынды.

Қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әділбековтің айтуынша, негізгі айыпталушы – 33 жастағы қала тұрғыны. Ол қыздардың баратын жерін ұйымдастырған және сол қызметі үшін жезөкшелер оған 10 мың теңгеден төлеген.

Монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 31 жастағы әйел де ұсталды. Қыздар оған 12 мың теңге көлемінде ақша төлеп келген. Оның іс-әрекетінде де жеңгетайлық белгілері бар деп танылды. Жалпы 21 мен 24 жас аралығындағы қыздар бір клиенттен 18 мың теңгені өзіне қалдырып отырған.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде материалдарға қоса тіркелген дәлелдемелер базасымен тіркеледі. Қылмыстық іске жүргізушілер де қатысқан, олардың міндеттеріне қыздарды «жұмыс орнына» жеткізу кірген. Қазіргі уақытта М. есімді ер адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша басқа айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр», - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.


Соңғы жаңалықтар