Алматыда жеткізу сервисі түнгі 10-ға дейін жұмыс істейтін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда азық-түлік, тауар жеткізу сервисі жаңа режім аясында таңғы 9 бен кешкі 22:00 аралығында жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада қоғамдық көлік таңғы 06:00 мен 19:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу сервисі 09:00-22:00 аралығында істейді. Барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің санитарлық қорғаныс құралдары күшейтілетін болады.

Бұл күндері әрқайсымыз ортақ мақсат жолында жеке де, ұжымдасып та азаматтық белсенділігіміз бен жоғары жауапкершілігімізді көрсете білгеніміз абзал.

«Біз жеке гигиена шараларын сақтау мен оқшаулану арқылы коронавирус инфекциясының таралуын тежей аламыз», - деді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар