Алматыда «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 12 қазан күні Алматы қаласында «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Кәсіпқой бокс кеші МТК Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Алматыдағы Grand Park сауда орталығында өтеді. Сондай-ақ, Еділ Қожамбердиев (8-2,8КО), Әбілхайыр Шегалиев (6-0,4KO), Нұртас Ажбенов (6-0,2КО) және Елшат Нығметолла (14-0-1,5КО) сынды қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жекпе-жек әуелде Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда, белгілі себептерге байланысты МТК Қазақстан промоутерлік компаниясы бокс кешін Алматыға ауыстырғанын хабарлады.

Бокс кешін қазақстандық жанкүйерлер отандық Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар