Алматыда Жетісу аудандық Салық басқармасының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу аудандық Салық басқармасының «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жөнінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық қаржылық полициясы аталған лауазымды тұлғаға қарсы ҚР ҚК 177-бабының 3-тармағы (алаяқтық) бойынша іс қозғады. Тергеу барысында лауазымды тұлға кәсіпкерден жеке кәсіпкерлігін жою үшін алдап-арбау арқылы 365 мың теңге көлемінде ақша алғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар