USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Алматыда Жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды

2016 жылғы 11 қаңтар 19:58
Бөлісіңіз:
 Алматыда Жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Ішкі істер министрінің ұсынысы және қалалық мәслихаттың шешімі бойынша қала әкімі Бауыржан Байбектің өкімімен полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов Алматы қ. ІІД-ің жаңадан құрылған Жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Подполковник Байкенов өзінің ішкі істер саласындағы мансап жолын 2004 жылы Алмалы аудандық ІІБ қарасты учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметінен бастаған. 2007 жылдан бері қаланың әр түрлі аудандарында қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерін басқарып келді. Сондай-ақ, метрополитендегі ІІБ бастығының орынбасары және Түркісіб ауданының ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған.

«Жергілікті полиция қызметіне жүктелетін негізгі міндеттер - бұл құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстық әрекеттер бойынша хаттамалық формада өндірістерді және ұсталған тұлғаларды ішкі істер органдарының қабылдаушы-бөлуші бөлімдеріне орналастыру шарасын жүзеге асыру. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметіне оперативтік жағдай бойынша келіп түсетін ақпараттарды жинау және сараптау, қылмыстар, қоғамдық тәртіптің бұзылуы, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою және кезекші тәуліктерде орын алған қылмыстық әрекеттердің ізін суытпай бетін ашуға күш салу секілді міндеттер жүктеледі», - дейді Алматы қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT