Алматыда жерасты жолдары қашан жөнделетіні белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жерасты өтпе жолдарын жөндеу жұмыстарын маусым айында бастамақ. Бұл туралы әкімдік ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында хабарлаған.

Осыдан 1 ай бұрын Алматы әкімдігі жерасты өтпе жолдарындағы сауда нүктелерін, дөнер сату орындарын бұзған болатын.

Енді қаңырап тұрған туннельдер тәртіпке келтірілетін болады.

«Қазіргі таңда Жобалық сметалық құжаттама жасалды. Құжат сарапшылар тарапынан оң бағаланды. Мердігерлік жұмыстарды атқаруға байқау аяқталып қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарттар маусым айына белгіленген», - делінген жауап хатта.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл орындарда күрделі жөндеу жүргізіледі.

Алатау ауданында 4 жерасты жолында - ағымдық жөндеу, Алмалы ауданында - 11, М.Әуезов ауданында - 4, Бостандық ауданында - 12, Жетісу ауданында - 9, Медеу ауданында - 3, Наурызбай ауданында - 3, Түрксіб ауданында -2   жерасты жолында күрделі жөндеу жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар