Алматыда жерасты өткелінде қыз зорлаған күдікті бір айдан кейін ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қызды жерасты өткелінде зорлаған ер адам бір ай өткен соң ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, түнде қыз үйіне қайтып келе жатқан. Райымбек даңғылы мен Яссауи көшесінің батысында бір ер адам қыздан телефон сұраған.

Телефоны жоқ екенін айтқан қыз жеделдетіп жерасты жолымен кетіп бара жатқанда әлгі адам оны қуып жетіп, буындырып, қыз чол жерде есінен танып қалған.

«Қаскүнем қызды жерасты өткелінде байқап, оны талдырып құлатып, оны адам аз жүретін жерге сүйреп апарып, қорлады. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жәбірленушінің айтуынша, шамамен суреттің эскизі жасалған. Қараңғыда бет-әлпетін байқап, оның мінез-құлық ерекшеліктерін есте сақтау мүмкін емес екені түсінікті. Бірақ қыз тергеуге осы қылмыстың ашылуында маңызды рөл атқаратын маңызды ақпаратты ұсынды. Жақында күдікті ұсталды», - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

39 жастағы күдікті Алматыда тұрақты жұмысы және тұрғылықты жері жоқ, кездейсоқ пайда табумен күн көріп келген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, сол кезде ол мас болғанын айтты.

Қазір ол қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар