Алматыда жер үйден өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жеке меншік секторда өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін Төретай 167 мекенжайында болды.
«Сағат шамамен 10:58 -де өртсөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде жалпы алаңы 100 шаршы метр аумағында шаруашылық құрылысы жанып жатқаны белгілі болды. Қызыл жалын жапсарлас орналасқан жекеменшік үйдің шатырына көшкен. Өртсөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып әрекет етті», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға орнында 6 бірлік техника мен 26 адам жұмылдырылды.Өрт сағат 28 минутта ауыздықталып, 11:30-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар