Алматыда жер үсті өткелін жөндеп жатқан кран мен жеңіл көлік соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Volkswagen көлігі жер үсті өткелін жөндеп жатқан автокранмен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты Әл-Фараби көшесі бойында батыс бағытқа бастайтын жолда болған. Водозаборная көшесінде көпір жөндеу жұмыстары кезінде автокранды Volkswagen көлігі келіп соққан. Болжам бойынша жеңіл көлік жүргізушісі жүк көтергіш көлікті байқамаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Дәл қазір бұл көшеде көлік кептелісі басталды.

null null 

Соңғы жаңалықтар