Алматыда жер сілкінісі болса, құтқару жұмыстары қалай жүргізілмек

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық -жаттығулар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты қала тұрғындарының төтенше жағдайларда дұрыс іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру. Осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын-ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындау қажет. Қауіпсіз орындар, бұл электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық алаңдар.

Оқу-жаттығу шарасының жоспары бойынша қалада қатты жер сілкінісі болды. Соның салдарынан күрделі жағдай туындады, ғимараттар қирап, өрт шығып, басқа да түрлі апаттар орын алды. Халықты хабардар ету үшін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы дабыл іске қосылып, телерадио арналары арқылы хабарлама тарады.

«АДК» сауда - ойын-сауық кешенінің тұрағында далада құрылатын асханасы бар шатырлы лагерь орналастырылды, қалалық азаматтық қорғау қызметтері мен ТЖМ бөлімшелерінің құтқару және арнайы техникасы көрсетілді, іс жүзінде жер сілкінісінің мобильді симуляторы көрсетілді, алғашқы көмек көрсету бойынша түрлі шеберлік мастер класстары өткізілді. Жақын жерде орналасқан қойма ғимараты ТЖ кезінде адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Қаланың қалған 6 жаттығу орнында: Бостандық және Түрксіб аудандарының гимназияларында баспанасыз қалған адамдарды қабылдау пункттері орналастырылды, Алматы-1 ТЖ станциясынан автомобиль және теміржол көлігінде халықты эвакуациялау элементтері пысықталды. «Каспиан Беверейдж Холдинг» АҚ химиялық объектісінің базасында аммиак төгілуімен байланысты техногендік сипаттағы ТЖ жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Алматы облысы Өтеген Батыр кентіндегі Жетісу теміржол станциясында басқа өңірлерден көмекке келетін техника түсірілді. Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуға жеке құрамның 900-ден астам адамы және азаматтық қорғау қызметінің 80 техникасы тартылды, сондай-ақ қаланың сауда- ойын сауық орталықтары мен әлеуметтік нысандар қатысты. Алматы қаласының аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері қаланың барлық әлеуметтік нысандарында 3,5 мыңнан астам сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Жер сілкінісінен кейін халыққа көмек көрсету мақсатында қала аумағында зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт құрылды. Сонымен қатар Алматы қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасында жер сілкінісі туралы автоматтандырылған ерте хабардар ету жүйесі алғаш рет енгізілді. Ол ДАРМЕН мобильді қосымшасымен интеграцияланған.

Сондай-ақ 4 және одан да көп баллдық жер сілкінісі кезінде қосымшаны жүктеп алған пайдаланушылардың смартфондарына Push-хабарламалар автоматты режимде түседі.

Жүйені одан әрі дамыту үшін тағы 28 станция орнатылады, биыл бірінші кезеңді іске асыру аяқталады - 11 станция орнатылды, екінші кезең 2023 жылы 17 станция іске қосылады.

Еске салсақ, ғалымдар Алматыда жыл соңына дейін қуатты жер сілкіністері болмайтынына болжам жасады.


Соңғы жаңалықтар