Алматыда «жер сатып» елді алдаған алаяқ сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әуезов аудандық сотында адамдарға жер алып беремін деп алдап соққан Алматы тұрғынының ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот барысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2017 жылдың тамызында таныстарының бірінің сеніміне кіріп, Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы 8 сотық жерді 600 мың теңгеге сатып алуға итермелеген. Ақшаны алып алған соң ер адам ізін суытқан.

2017 жылдың желтоқсанында ол тағы бір танысына «Болашақ» бағдарламасы бойынша кезегін жылжытып беремін деп 950 мың теңгесін қолды еткен.

Бірнеше аптадан соң компьютерлік клубта тағы бір адаммен танысып, оған жоғарыда айтылған жер учаскесін 500 мың теңгеге сатқан.

Осылайша, оларға келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден асты.

«Сот шешімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімімен айыпты деп танылды. Ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар