Алматыда жер сатумен заңсыз айналысқан алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жер сатумен заңсыз айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен. 31 жастағы Асқар Сағымбеков адамдарға жеңілдікпен жер учаскелерін алып беремін деп олардан қомақты көлемдегі қаражаттарын алып отырған. Алданғанын сезген сатып алушылар полицияға арызданған.

Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері анықтағандай, ол 23 адамды сазға отырғызып кеткен. Осылайша алаяқ 100 АҚШ доллары көлемінде оңай олжаға кенелген. Кей арызданушылардың айтуынша, ол әкімдік қызметкері екендігін алға тартып, жұмыс тауып беруге уәде берген. «Оның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 225-55-02 және 8-777-008-57-14 телефондарына хабарласуларын өтінеміз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар