Алматыда жер сатумен айналысқан алаяқ әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «өзгенің жерін өзімдікі» деп сатып келген алаяқ әйел ұсталды. 43 жасар Мәдина Даданова 2 мыңға жуық адамды сазға отырғызып кеткен.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіншек 10 сотық жер учаскелерін 5-25 мың долларға бағалап сатып отырған. Халық сеніміне мықтап кіру үшін ол заңды күші жоқ жалған құжаттар көрсетіп, ресми органдардың бланкілерін пайдаланған. Тіпті кезек тізімін көрсетіп, ақшаны алғаны туралы қолхат беріп отырған. Келіншектің қызмет ететін офисі де ешкімнің рұқсатынсыз салынғаны белгілі болды. Оның үйінен, офисінен аталған жалған құжаттар тәркіленді. Алданғандардың ішінде 100 мың долларға 40 сотық жер алған адамдар да бар екен», - деді қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасары Қанат Таймерденов.

Қазір аталған дерек бойынша Дадановаға қатысты ҚР ҚК 177-бабының 4- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұлтартпау шарасы ретінде ол қамауға алынды.

Қалалық полиция алаяқ келіншектің әрекетінен зардап шеккен азаматтарға қалалық ІІД анықтау басқармасына 254-43-84, 254-40-27 хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар