Алматыда жер ойылып, құтқару қызметінің көлігі шұңқырға түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында жер опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға болған жерде түсірілген суреттер Instagram әлуметтік желісінде пайда болды.

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 30 сәуірде 109 экипажы Назарбаев даңғылы 124 мекенжайындағы үй балконы мен қалқанына қауіп тудыратын бұтақтарды кесу үшін шақырту алған.

«Шақырту орнына жеткенде, 109 Қызмет көрсету бөліміне тиесілі авто-гидравликалық көтергіштің оң жақ артқы дөңгелегі жер астына түсіп кетті. Ол жер жазда субұрқақ ретінде пайдаланылған. Оған қарамастан, автокөлік шұңқырдан шығарылып, құтқарушылар экипажы апат жағдайын тудырған бұтақтарды кесу жұмыстарын аяқтады. Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар