Алматыда ЖЭО-лардың экологияға зиянын автоматты датчиктер анықтап отырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жылу электр орталықтарына ауаны ластау көрсеткішін бақылайтын автоматты құрылғы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық Экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

«2018 жылдың қаңтарында «Алматы электр станциялары» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылды. Уағдаластық аясында ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де автоматтандырылған датчиктерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы бағытта жұмыс болашақта да жалғасады», - деді Орман Аққозиев.

Оның айтуынша, қалада Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы аясында қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленген.

2017 жылы Алматы әкімдігі бұл мақсатқа 150 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Бұл жұмыстың барлығы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы ҚР Президентінің Жарлығы мен «Сандық Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі биыл Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді және оны 2019 жылы Парламентке ұсынуды жоспарлап отыр.

Фото: greenbiz.com

Соңғы жаңалықтар