Алматыда Жеңіс мерекесі қарсаңында 14 ардагер пәтер алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 69 жылдық мерекесі қарсаңында 10 ардагер мен мүгедекке коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер кілттері мен пәтерді жалдау шартын табыс етті.

Қала басшысы ардагерлерге баға жетпес ерліктері үшін алғыс білдірді. Әкім Ұлы Жеңістің еліміздегі ең басты мереке екендігін ерекше атап өтті.

«Біз еліміздің болашақ ұрпағы үшін жасаған Сіздердің ерен еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Түрлі сыртқы мәселелер мен әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін үнемі орындап келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы 14%-ға өсті. Мәслихаттың шешімі бойынша Алматыда тұратын ардагерлерге арнайы әлеуметтік көмек төленетін болады», - деді Ахметжан Есімов.

Тек 5 жылдың ішінде ғана қалада Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 153 пәтер берілді. Осылайша, бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша үйге зәру ҰОС барлық ардаргерлері баспанамен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар