Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам жарнама арқылы үйінде интим қызмет көрсететін жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап кеткен.

«Күдіктілер қыздарды ұрып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Олар қыздар полицияға арызданудан қорқатынына сенімді болса керек. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні тұрақты қолданады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод анықталды», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Күдіктілер уақытша ұстау изольяторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар