USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда жеңіл жүрісті 100 бикеш АИТВ жұқтырғаны белгілі болды (ФОТО)

2015 жылғы 2 желтоқсан 09:43
Бөлісіңіз:
Алматыда жеңіл жүрісті 100 бикеш АИТВ жұқтырғаны белгілі болды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл жүрісті 100 бикеш АИТВ (ВИЧ) жұқтырғаны белгілі болды. Бұл мәліметті Түрксіб аудандық ІІБ келтірді.

Үнемі өткізілетін рейдтердің нәтижесінде тіркеуге алынған бойжеткендердің ішінде АИТВ жұқпасын жұқтырғандар да аз емес. Қазір олардың 98-інде бұл ауру бар екендігі анықталды.

«Олардың қызметіне жүгінетін ер адамдар енді ойлануы, өзінің денсаулығын қорғап, сақтауы тиіс. Сондай-ақ, өзінің ВИЧ-статусын біліп тұрып өзгеге қасақана жұқтырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын да ескерткіміз келеді», - деді аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев.

Оның айтуынша, жыныстық қызмет көрсетіп жүрген қыздардың арасында көші-қон туралы заңнаманы бұзатындар да жетерлік.

«Жергілікті атқарылған жұмыстың нәтижесінде қыздар жолдың бойынан кетті. Бірақ көше бойындағы дәмхана, бар, көңіл көтеру орындарында орналасып алды. Қоғамдық орындарда мазалағаны үшін оларға ҚР ӘҚбК 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», - деді ол.


4

5

6

7

8

9

0

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT