Алматыда жеңіл көлік жүргінші әйелді жер жастандырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда мерседес маркалы жеңіл көлік жол шетіндегі жаяу жүргіншілерді басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Күдерин көшесінде болған.

Солтүстікке бет алып бара жатқан мерседес тротуарға шығып кетіп, жол шетіндегі 3 адамды қағып барып, метал қоршауға соғылып тоқтаған. Соққыдан 68 жастағы әйел адам сол жерде көз жұмды.
null 

Басқа екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі аса ауыр халде.

Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар