Алматыда жеңіл көлік жол шетінде тұрған КамАЗ-ға соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік жол шетінде тұрған КамАЗ-ға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында болған.

КамАЗ Төле би көшесінің бойында оңтүстік бағытқа қарап тоқтап тұрған. Оңтүстікке бағыт алған Toyota Avalon көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жүк көлігінің артқы тұсынан соққан.

nullToyota Avalon жүргізушісі жүк көлігінің тоқтап тұрғанын соңғы сәтте ғана түсінген.

nullОның айтуынша, көліктің арт жағында ешбір апаттық белгі болмаған. Оқиға орнындағы жұмысшылар болса, барлық белгілер болғанын айтып ақталуда. 

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол оқиғасының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

  null null 

Соңғы жаңалықтар