Алматыда жеңіл көлік көпірден құлап кетті

None
Фото: t.me/kris_p_almaty_official
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесіндегі көпірден Toyota көлігі құлап кетті. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.

«Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болған. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады»,- деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар