+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда жеңіл көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші мерт болды

2020 жылғы 1 шілде 11:28
Бөлісіңіз:
Алматыда жеңіл көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Peugeot маркалы көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның жағдайы ауыр-дәрігер Жамбыл облысында спортшылар отырған көлік жол апатына ұшырап, үш адам қайтыс болды

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қожановм пен Экспериментальная база көшелерінің қиылысында болған.

Peugeot көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен бетон қоршауды соққан. Артынша газ құбырына соғылып, машина отқа оранған.

«Жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 1970 жылы туған Е. есімді азамат. Оқиғаға дейін ол екі жол апатын жасап, қашып кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы жүргізеді» деп хабарлады полициядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT