Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Желтоқсан мен Райымбек көшелерінің қиылысында болды.

Оқиға куәгерлерінің  айтуынша, №137 маршрут автобусы Райымбек көшесімен шығысқа бағыт алып бара жатқан. Қиылысқа келгенде ол артқа бұрылмақ болған. Осы сәтте Райымбек көшесімен батысқа қарай аса үлкен жылдамдықпен Volkswagen көлігі келе жатқан.

Жүргізуші тежегішті басып үлгермей автобусқа барып соғылды.

Жол апатынан 3 адам: жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды.

Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.
null null 

Соңғы жаңалықтар