Алматыда жеңіл автокөлік қоқыс төгетін шұңқырға түсіп кетті

None
Видеодан алынған кадр/t.me/egovpress
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік шұңқырға аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде тараған видеода көліктің Саин - Жұбанов көшелерінің қиылысындағы аулалардың бірінде аударылып жатқаны айтылады.

Аталмыш оқиғаға байланысты Әуезов ауданының әкімдігі түсінік берді.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған учаске - бірінші шағынаудандағы 74 және 76 үйлердің арасындағы қатты тұрмыс қалдықтарын (ҚТҚ) шығаруға арналған қоқыс алаңына іргелес аумақ.

«Бұл учаскені жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қоқыс шығару үшін пайдаланады. Көмілген контейнерлерден ҚТҚ шығару жұмыстарын «Тәртіп» АҚ мердігер ұйымы жүргізеді. Тапсырыс беруші - экология және қоршаған орта басқармасы. Бүкіл осындай шұңқырларды ауданның коммуналдық қызметтері үнемі көміп отырады», - деп хабарлады Әуезов ауданының әкімдігі.

Әкімдік сондай-ақ көлік аударылып қалған шұңқырдың қазір жабылғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар