Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы басталды

None
Фото: olympic.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының кубогы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен атлеттер қатысып жатыр. Сондай-ақ ұлттық құрама команда өкілдері де бақ сынайды.

Турнир үш күнге жоспарланған.Айта кетейік, кубокпен қатар Қазақстан жасөспірімдер чемпионаты да өтіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар