+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойды (ФОТО)

2014 жылғы 17 желтоқсан 12:09
Бөлісіңіз:
Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін осыдан дәл 30 жыл бұрын алаңға шыққан желтоқсан оқиғасының қатысушылары «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Аталған шараға олардан бөлек қалалық ішкі саясат басқармасының, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиналған көпшілік осыдан 28 жыл бұрын дәл осы алаңда болған ызғарлы желтоқсан оқиғасы жайлы естеліктерімен бөлісіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Кейін тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткендердің рухына бағыштап құран оқылып, «Жұлдыз» мейрамханасында ас берілді.

«Мұндай сұрапыл оқиғаны келер ұрпақтың басына бермесін. Қанша адамның қаны төгілді, қанша адам жанын құрбан етті. Сондай күшпен келген Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Ашық аспан астында азат елдің азат ұланы болуды нәсіп етсін!», - деді желтоқсан оқиғасына қатысушы, Алматы қаласының тұрғыны Мәлік Ұзақов.

2728069 2728069 2728069 2728069 2728069 2728069 2728069 2728069

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT